Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Орал «Зенит» зауыты» АҚ Бас директорын тағайындау

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ Бас директоры болып Қдржан Ұрақұлы Мұқанов тағайындалды.

Оны тағайындау туралы шешімді 2023 жылғы 11 сәуірде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі өткізілген ашық конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша қабылдады.

К.Ұ. Мұқанов С.О. Макаров атындағы Тынық мұхиты Жоғары Әскери-теңіз училищесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас Штабының Әскери академиясы бітірген.

Әскери-теңіз саласында үлкен тәжірибесі бар: Әскери-теңіз училищесінің курсантынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасарына және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасының бастығына дейінгі жолдан өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің ВНИЦ аға ғылыми қызметкері, сондай-ақ «Kaspiy Holding» компанияларының бас директоры ретінде жұмыс тәжірибесі бар.

Кері қайту