Орал қаласында Жайық өзенінің жағасындағы бөгетті нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты су деңгейінің көтерілу қаупін ескеріп, су тасқынының алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдануда.
«Орал «Зенит» зауыты» АҚ қызметкерлері ТЖ қызметтерімен бірлесіп қаланы және оның тұрғындарын су тасқынынан қорғау шараларына белсенді қатысты.
Зауыт қызметкерлері бөгетті нығайтуға көмектесіп, Асан елді мекені ауданындағы полигонда ҚТҚ қаптарын дайындау және жеткізу бойынша жұмыстар жүргізді.