Жаңа өндірістерді дамыту шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы әр түрлі елдердің компанияларымен, оның ішінде түрік мемлекеттік ASFAT компаниясымен тұрақты келіссөздер жүргізеді.
Стамбул қаласындағы IDEF-2023 көрмесінде «Зенит» Орал зауыты» АҚ зауыт ASFAT-пен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі үшін жобалар ұсынатыны туралы Меморандумға қол қойды. Министрлік тарапынан қызығушылық танытқан жағдайда, компаниялар осы жобаларды одан әрі әзірлеуді жүргізетін болады. Құрылыс мүмкіндігі болған жағдайда, ол «Зенит» АҚ-тың алаңында жүзеге асырылатын болады. Бұл келісім сонымен қатар кәсіпорынға жобалармен бірлесіп жұмыс істеу үшін басқа серіктестерді тартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта «Зенит» Орал зауыты» АҚ кәсіпорын тарихында көпфункционалды кеме салу бойынша алғашқы жобаны дербес іске асыруда. Ол кеме құралдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, жүк көтеру жұмыстарын орындауға, жер үсті кемелеріне өміршеңдік үшін күресте көмек көрсетуге, өрттерді жоюға және экипаждарды құтқарудағы медициналық эвакуациялауды, сүйреу және авариялық-сүйреу жұмыстарын қоса алғандағы, авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға арналған.
Алдағы барлық жобалар қажеттілік туған кезде және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тарапынан тиісті ерекшеліктер бекітілген кезде ғана іске асырылатынын атап өту маңызды.
Айта кетерлігі, қазақстандық БАҚ және электронды басылымдар түрік сайтынан Түркияның Қазақстан үшін әскери кемелер жасайтыны туралы басылып шыққан ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желі қолданушыларынан және блогерлерден ақпаратты жарияламас бұрын әрқашан тексеруді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша «Қазақстан инжинирингке» ke@ke.kz немесе тікелей басқарма төрағасына t.abdrakhmanov@ke.kz электрондық пошталары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.