Ақтау қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің теңіз бөлімшелерінің құрылғанына 30 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының 31 жылдығына орай кемелер шеруі өтті.
Салтанатты шара арнайы техника мен қару-жарақ көрмесінен басталды, ондақазақстандықтар Шекара қызметінің көлік құралдары мен жабдықтарын көре алды.
Іс-шараға «Орал «Зенит» зауыты» АҚ қызметкерлері де қатысты. Кәсіпорынбүгінгі күні елдің теңіз шекараларын қорғайтын, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізетін қайықтар мен кемелерді шығаруға маманданған.
Контр-адмирал, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кеңесшісі РатмирӘлімханұлы Комратов сөз сөйлеп, Шекара қызметінің теңіз бөлімшелерінің өкілдерін мерейтойлық күнімен құттықтады.
Шекаралық күзет кемелері жағалау сызығымен жүрді. Оларды ҰҚКавиациясының Ми-8 тікұшақтарының ұшқыштары алып жүрді.
Ақтау қаласында кемелер шеруі мен тікұшақтар шоуы өтті