Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы

11-12 мамырда Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы өтеді. Форум Мемлекет пен бизнестің пікірталас алаңы болып табылады, онда әртараптандыру, импортты алмастыру, инвестициялар тарту және құзыреттерді арттыру тетіктері, сондай-ақ машина жасау және өңдеу өнеркәсібі саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

Форумның тақырыбы: «Машина жасау – жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту драйвері».

Іс-шараның басты мақсаты-машина жасау саласын жедел дамытуға жәрдемдесу, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді диалог үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.

Алаңда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өз стендін ұсынады. Форумға компания қатысады: «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «R&D орталығы Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «ҚАИ» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС, «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, АҚ «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «ПАМЗ» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «ҚазИнжЭлектроникс» АҚ, «Steel manufacturing» ЖШС, «Қазтехнологиялар» АҚ, олардың 4-і өз өнімдерін көрмеге ұсынады.

Форум аясында 10-12 Мамырда Қазақстандағы жетекші салалық көрме – «Kazakhstan Machinery Fair 2023» өтеді және машина жасау, металл өңдеу өнеркәсібі саласындағы мамандар, мемлекеттік сектор және бейінді бизнес-қауымдастықтар өкілдері үшін басты кездесу орны болып табылады.

Өтетін орны: Hilton Astana, Сауран, 46 және «EXPO» ХКО, Мәңгілік Ел, 53/1;

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ көрме стенді: «EXPO» ХКО, Мәңгілік Ел, 53/1, D 9.2 көрме стенді;

Тіркеуге сілтеме: https://smkz.kz/;

Қосымша ақпарат алу үшін E-mail-ге хабарласуға болады: a.akylbaykyzy@smkz.kz немесе телефон арқылы: +7 7172 792 795.

Сіздерді Форум қатысушыларының қатарынан көруге үміттенеміз.

Кері қайту