Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Кеме жасау саласындағы ірі ұйымдар «Зенит» АҚ-қа барып қайтты

4 желтоқсанда «Орал Зенит» зауыты» АҚ-та теңіз индустриясы саласында маманданған жетекші ұйымдардың делегацияларымен кездесу өтті. Зауытқа Aker Arctic, Lloyd's Register және NCOC сияқты ірі компаниялардың өкілдері келді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндігі туралы мәселелер мен ұсыныстарды талқылады. Қазіргі уақытта NCOC Lloyd's Register және Aker Arctic өкілдерімен бірлесе отырып, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-қа сүйреткіштер мен баржалар салу жөніндегі жобаның ықтимал орындаушысы ретінде оның әлеуетін бағалау мақсатында аудит жүргізуде.

Мұндай ынтымақтастықтың негізгі мақсаты: осы жобаны одан әрі іске асыру және кеме жасау саласындағы өнім көлемін ұлғайту үшін ұйымдардың ынтымақтастығына бағытталған кооперация құру болып табылады.

Айта кетерлік, North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) еліміздегі теңіз мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша жобаны іске асырумен айналысатын ҚР мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Aker Arctic мұзжарғыштарды, мұзда жұмыс істейтін кемелерді және басқа да теңіз нысандарын әзірлеу мен жобалауға маманданған. Мұзжарғыштар мен арктикалық кемелерді жобалаудағы инновациялық технологияларымен және кеңес беру қызметтерімен танымал.

Өз кезегінде Lloyd's Register – бұл кемелер мен теңіз объектілерін сертификаттау, жіктеу және аудит қызметтерін ұсынатын халықаралық ұйым. Теңіз объектілерінің қауіпсіздігін, тиімділігін және халықаралық стандарттар мен ережелерге сәйкестігін қамтамасыз етуге маманданған.

Кері қайту