СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    27.03.2020 21:49:00

    «Семей машина жасау зауыты» АҚ 75 % (жепіс бес пайыз) қарапайым акцияларын сату бойынша эл...

    Толығырақ...
  • САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    27.03.2020 21:48:00

    «С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ - ның 51 % (елу бір пайыз) қарапайым акцияла...

    Толығырақ...
  • Наурыз құтты болсын!...

    20.03.2020 17:55:00

    Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Азаматтық бағытта

Зауыт басынан қорғаныс кәсіпорны ретінде қалыптасқа, өз тарихында арнайы теңіз техникасын шығаруды жалғастыра келе, соғыс жылдарынан соң өндірістік-техникалық мақсаттағы азаматтық өнімдерді шығара бастады. Олар техникалық күрделі машиналар, нақты механика құралдар, арнайы мақсаттағы радио электрондық құралдар, сонымен қоса халық тұтынатын тауарлар. Әр жылдары кәсіпорында кемелік иллюминаторлар, іздеу құралдарымен балық аулағыш тралдар, теңіз флоты үшін іздеуіштер және сақтаушылар, тоқыма-шұлық өнеркәсібіне арналған бояу-пішіндеу агрегаттары, қол еттурағыштар, хрустальды аспашамдарды, аракциондарға арналған ойын автоматтарын шығарған болатын. Бұдан басқа конверсия жылдары зауыт тағы 60 астам азаматтық өнімдерді игерген болатын. Олардың ішінде – аграрлық өнеркәсіп кешеніне арналған жабдықтар: ұн уатқыш, шұжық шығаруға арналған, ыстау (турама араластырғыш, вакуумды шприцтер, қайнату қазандары, ыстау жайлары) және нан өнімдері (жинақ және модуль түрдегі), өсімдік майы, арақ; шарап және алкогольсіз сусындарға арналған баспақ – сүзгі фильтр-пресс; халық тұтынушы тауарлар, соның ішінде  эмаль ыдыс, электр ет турағыш, аспашам, қайшылар, жиһаз фурнитурасы, газ оталдырғыш құралдар және жабдықтар, тұрмыстық ағаш өңдеу станоктары, жиһаз фурнитурасы және басқалар. 

Азаматтық бағыттағы өнімдерді жасау бойынша тапсырыстарды орындау қазіргі уақытта да кәсіпорын қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Мұнайгаз компанияларына арналған технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша сервистік қызмет көрсету және жабдықтарды өндіру басымды болып табылады. Бұдан басқа қуаттылығын пайдалану мақсатында кәсіпорын біртінді тапсырыстарды орындауға жеке және заңды тұлғалардан зауыттың өндірістік қабілетін (бағытын, жабдықтардың болуын, қызметкерлерді және т.б.) және экономикалық тиімділігін ескере өтініштер қабылдайды.