СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    27.03.2020 21:49:00

    «Семей машина жасау зауыты» АҚ 75 % (жепіс бес пайыз) қарапайым акцияларын сату бойынша эл...

    Толығырақ...
  • САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    27.03.2020 21:48:00

    «С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ - ның 51 % (елу бір пайыз) қарапайым акцияла...

    Толығырақ...
  • Наурыз құтты болсын!...

    20.03.2020 17:55:00

    Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Кең пайдаланушылар үшін

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ үшін өндірістің азаматтық бағыттағы өнімдерін және қызмет көрсетуді дамытуда өмірлік маңызды экономиканың мұнай газ секторында жұмыс жасайтын компаниялар үшін орындалатын тапсырыстар тізімін кеңейту болып табылады, атап айтқанда, «Тенгизшевроил» ЖШС, Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в., Қашағандағы НортКаспианОперейтинг Компани тағы басқалар.

Осы компаниялар үшін зауыт ASME, API спецификациялары бойынша осы салада жеткілікті тәжірибесі болғандықтан жабдықтарды жасап шығаруға, жөндеуге және оған сервистік қызмет көрсетуге қатысуға кірісуге дайын. Шығарылатын өнімдердің ішінде – металл конструкциясы (күрделілігі әртүрлі құрыш конструкциялар, 100м3 дейін көлемдегі ыдыстар, платформалар, эстакадалар, ғимараттар қалқаны, металл төсемдер), қоршаулар, қақпалар,  құбыр тіректері, құбыр өнімдері (фланецтер, фитингтер, бекітпелер және т.б.), бейстандарт жабдықтар. Қызметтер – жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, дәнекерлеу біріктіргіштерін және материалдарды сынау.

Жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлері:

Қазіргі уақытта зауыт Қазақстан Республикасының мұнайгазконденсатты куәландырылған фирмалары үшін келесі бағыттағы жұмыстарды орындауда:

  1. Ғимараттардың және орнатулардың металл құрлыс құрастырылымдарын, еденнің және сырғанамайтын баспалардың мырышталған торлы төсемдерін, мырышталған (бекіту элементтерімен бірге) баспа торларын, жинақтағы баспа-шыққыштарын, қызмет көрсету алаңдарын, құбыр тіректерін жобалау және дайындау.
  2. Фланецті-фитингтерді ASME, API және ГОСТ бойынша жасау, соның ішінде ASME, API және  ГОСТ бойынша тоттанбайтын болаттан доғал тығыздағыш сақина:
    - Фитингті кесілген (жапқыштар, өткізгіштер, штуцерлер) қара және түсті металлдардан.
    - Метрлік және дюймді орындалған бекіткіштер (соның ішінде фланецті бекітпе және анкерлік болттар) түрлерін және өлшемдерін шектеусіз ANSI, API және ГОСТ спецификациялары бойынша.
  3. Қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстарды; бұрғылау қоспаларын сақтауға арналған араластырғышымен резервуарларды; реттеу және жапқыш жабдықтарды; технологиялық құбырлар мен сүзгілерді; жылуалмастырғыштарды; май салқындатқыштарды; сонымен қоса жылуалмастырғыштардың желдеткіштеріне арналған жалюзилерді жобалау, жасау, жөндеу, сынау, өзгерту және қондыру:
  4. Жабдықтарды жөндеу:
    - технологиялық сорғыларды.
    - Электр қозғалтқыштарды.
    - шарлы крандарды.
    - қақпақшаларды.
    - ағын реттеуіштерді.
  5. Диаметрі 1600 мм дейінгі шығын өлшеу диафрагмаларын жасау.
  6. Тістерлі тегершіктерді жасау:
    - сыртқы диаметрі 500 мм дейін және кесілмейтін тәж жалпақтығы 10мм жетектері m=0,3 до m=8,0 тік және кисық;
    - m=1,5 до m=4,0 бастап конусты тістерлі ілгіш;
    - бұрамдықты қосарларды кесуге m=0,3 до m=8,0 кескіш құралы сыртқы диаметрі 500 мм дейін және эвольвентті ілгіштермен оймакілтек қосарлармен және 30 градусты кескін бұрышымен.
  7. Металл өңдеуге, қондыруға және арнайы метрлік және дюймдік орындалған, соның ішінде ұрғы кілттерге арналған кескіш құралдарды жасау.
  8. Тығыздағыш элементтерді металл, графиттік, фторопластты және капролонды, резеңке, техникалық резеңкелі (жең, айналма, тығыздағыш және басқа 770 мм дейін) және пластмассты (көлемі 300 см3 дейін) ASME, ANSI, API және ГОСТ бойынша жасау.
  9. Арқанды жүк көтергіш жабдықтарды, тасымалдау жақтауларын және контейнерлерді, құрлықта және теңізде пайдалану үшін және такелажды элементтерді жобалау және жасау.
  10. Сервистік қызмет көрсетуді жүргізу үшін қызметкерлердің қызметін және жабдықтарды ұсыну.

11. Зауыттық орталық зертхана қызметтердің келесі түрін көрсетеді:

- Металлдарды созу, ию, екі жақтан ию, Шарпи бойынша V және U – тәрізді кескінімен соққы тұтқырлығы, ASME, API, ГОСТ және СН және П талаптары бойынша дәнекерлеудің бірігуін сынау.
- Таврлық біріктіргіштерді бұзылуға сынау.
- HB, HRC, HV қаттылығын анықтау.
- материалдардың және дәнекерлеу біріктіргіштерінің сынақ үлгілерінің макрофотографиясы.
- Түсті сынақ (Пенетрант-сынақ).
- Ультрадыбысты және рентгенді графикалық бақылау.
- металлдарды химиялық саралау.

Қосымша: ыдыстарды жасауға тапсырыс қабылдау туралы жарнамалық материал.